«Орамалың құтты болсын!»: Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықты

Тамыз 5, 2024 - 16:25
Тамыз 5, 2024 - 16:37
«Орамалың құтты болсын!»: Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықты

Бұл туралы оның өнердегі құрбысы Ақбота Керімбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тағы оқыңыз: «Бұрынғы әйелімен бір киноға түсіп жүр»: Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовтан үлгі алуға шақырды

Ақбота Керімбекова бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс жасап жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін. Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!», — деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow