«Бокал жиынтығы»: қос алтын әкелген пара-армрестлинг чемпионына берген әкімнің сыйлығы шу тудырып жатыр

Зарина Примак пара-армрестлингтен әлемнің 7 дүркін чемпионы.

Тамыз 28, 2024 - 14:32
Тамыз 28, 2024 - 15:41
«Бокал жиынтығы»: қос алтын әкелген пара-армрестлинг чемпионына берген әкімнің сыйлығы шу тудырып жатыр

Абай облысының тумасы Зарина Примак карьерасында 7 дүркін әлем чемпионы атанды. Оның қуанышына ортақтасып, құттықтамақ болған  Жарма ауданы әкімінің  орынбасары  Райым Жолдасбекұлы  желіге құттықтаған сәттің фотосын жүктеген. Елдің сынынан кейін ол жазбаны өшіріп тастаған. Халық жаңалықты естіп, әкім орынбасарының чемпионға берген сыйлығын сынға алған. Фотода спортшы 6 бокалдың қорабын ұстап отырған, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

"Сұмдық! Еліңнің, жеріңнің намысын қорғап келген, әлемді бағындырған спортшыға бокал сыйлады дегенді қалай түсінуге болады? Ұят! Суреттегі Зарина Примак Абай облысы, Жарма ауданының намысын қорғап, 7 рет әлемді бағындырған, спорт әлемінде ізін қалдырып жан. Фотоны Жарма ауданы әкімдігі жүктеп, артынан пікірлерді көріп өшірген.

Примак Зарина тамыздың 16-25 аралығында, Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен пара -армрестлингтен әлем чемпионатында әйелдер арасында, сол қолдан алтын, оң қолдан да алтын алып жеті дүркін әлем чемпионы атанған спортшы",-деп жазды Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow