7 тамызда қазақ спортшылары қай спорт түрлерінен сынға түседі

Екі спортшымыз финалда алтын медаль үшін сынға түспек.

Тамыз 7, 2024 - 09:42
Тамыз 7, 2024 - 09:42
7 тамызда қазақ спортшылары қай спорт түрлерінен сынға түседі
Фото: ҰОК

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 7 тамыз, сәрсенбі күні қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі.

Нақтырақ айтсақ, Байдарка мен каноэде жүзу, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және тректегі велоспорттан спортшыларымыз ел намысын қорғайды.

Олардың қатарында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев 77 келі салмақта, бокстан 80 келі салмақта Нұрбек оралбай екеуі финалда алтын медаль үшін сынға түспек.

7 тамыздағы жарыс кестесі:

Байдарка мен каноэде жүзу 13:40. Ерлер. 1000 метрге байдаркамен жүзу Бекарыс Рамазан

Грек-рим күресі 14:00. Ерлер. Бастапқы кезең 87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов

Байдарка мен каноэде жүзу 14:40. Ерлер. 1000 метрге жалғыз каноэмен жүгіру Сергей Емельянов

15:37 Таэквондо. Ерлер. 1/8 финал 58 келіге дейін. Самирхон Абабакиров - Вито Деллакила (Италия)

15:45. Тректегі велоспорт. Ерлер. Спринт. Іріктеу Андрей Чугай

Бокс 01:51. Ерлер. Финал 80 келіге дейін. Нұрбек Оралбай - Александр Хижняк (Украина)

Грек-рим күресі Ерлер 77 келіге дейін. Демеу Жадраев - Нао Кусака (Жапония)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow