«Қан анализінің нәтижесі шықты»: Жәнібекке қатысты жаңа дерек пайда болды
Қымбат Досжан желідегі парақшасында әйелдер тапсырған қан талдауының нәтижесі шыққанын жазды.
Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты тағы бір жаңа дерек айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдер тапсырған қан талдауының нәтижесі шыққанын жазды.
"8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз", - деп жазған журналист.
Сіздің реакцияңыз қандай?