Марат Бекетаев Қазақстаннан қашып кетпек болған - Бас прокуратура

Қазан 26, 2023 - 11:43
Марат Бекетаев Қазақстаннан қашып кетпек болған  - Бас прокуратура

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев елден қашуға әрекет жасаған жерінен ұсталды. Бұл туралы бүгін сенатта журналистердің сұрағына жауап берген Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz. 

"Лауазымын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды, мемлекетке ірі көлемде залал келтірді. Елден қашып кетпек болған жерінен ұсталды. Қалғаны - тергеудің құпиясы", - деді Әсет Шындалиев. 

Айта кетейік, өткен демалыс күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қолға түсірген болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow