Құлсарыда құтқаруға кеткен екі адам қайтыс болды

Қостанай қаласында Тобыл өзені арнасынан асты. Екі көпір істен шығып, ұзын саны 80 көше су астында қалған.

Сәуір 7, 2024 - 15:06
Сәуір 7, 2024 - 15:07
Құлсарыда құтқаруға кеткен екі адам қайтыс болды

Атырау облысындағы Құлсары қаласында құтқарушылар екі ер адамның мәйітін тапты. 

Ер адамдардың мәйіті 7 сәуірде 11:00 шамасында табылған.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге  рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған. Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Қостанай қаласында Тобыл өзені арнасынан асты. Екі көпір істен шығып, ұзын саны 80 көше су астында қалған.

Қала басшысы Марат Жүндібаев Қостанай су ең жоғарғы деңгейіне жеткенін айтты. Дегенмен су азаяды деуге әлі ерте дейді. 

"Үш саяжай бірлестігі, теннис орталығы. Демалыс орны мен "Апельсин" сауда үйі су астында қалды. "Колесный ряд" ауданында 6-7 көше эвакуаляианды. Барлығы 745 қарап эвакуацияланып, 31 эвакопункте жеткізілді. 80 үйді су басты, зардап шеккендер жоқ", – деді қала басшысы. 

Қазіргі таңда Қостанай мен Тобылды тек орталық көпір ғана байланыстырып тұр. Әйткенмен су деңгейінің артуына байланысты орталық көпір де жабылуы мүмкін. Қазіргі таңда күштік құрам судың арнасынан асуын болдырмауға жұмылдырылған. 

Қаланың бұрынғы басшысы Ахметбек Ахметжановтың мейрамханасы да су астында. Нысан мемлекет меншігіне өткізілген, алайда сату мүмкін болмады. Қостанай маңындағы елді мекендерге әлі де қауіп төніп тұр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow