«Енесі екі сіңлісімен келіп соққыға жыққан»: Қызылордалық келіншек оңбай таяқ жегенін айтты

Видеода әйелдің аяқ-қолы тартылып тұрғанын көруге болады.

Мамыр 14, 2024 - 15:04
Мамыр 14, 2024 - 15:05
«Енесі екі сіңлісімен келіп соққыға жыққан»: Қызылордалық келіншек оңбай таяқ жегенін айтты
Фото: El.kz

Әлеуметтік желіде қызылордалық келіншек енесі мен қайын апаларынан таяқ жегенін мәлімдеген видео тарады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, енесі екі сіңлісімен келіп соққыға жаққан. Видеода әйелдің аяқ-қолы тартылып тұрғанын көруге болады.

Қызылорда облысы Полиция департаменті бұл іске қатысты пікір білдірді.

"Биыл 12 мамырда сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне 1996 жылы туған азаматша дене жарақатымен келіп түскен. Осы оқиға бойынша азаматша А.Қ. арызы негізінде қайын апасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасы рәсімделді", - делінген жауапта. 

Жәбірленушінің дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасынан өтуге қаулы берілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow