Украинаның Бас прокуратурасы Айдос Садыққа оқ атқандардың суретін жариялады

Маусым 21, 2024 - 15:30
Маусым 21, 2024 - 15:31
Украинаның Бас прокуратурасы Айдос Садыққа оқ атқандардың суретін жариялады

Украинаның Бас прокуратурасы қазақ журналисі Айдос Садыққа оқ атқандардың суретін жариялады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қазіргі таңда екеуіне халықаралық іздеу жарияланып, Киев қалалық прокуратурасыУкраина Қылмыстық кодексінің 11, 12, 115-б.2-б. 15-б. 2-Б  яғни бойынша яғни алдын ала сөз байласуы бойынша қасақана кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша іс қозғаған.

Украинаның Бас прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер Украина аумағына 2 маусым күні Польша-Украина шекарасы арқылы келген. Олар алдымен Киевте пәтер жалдап, арнайы көлік сатып алған.

18 маусымда қылмыс жасалған күні күдіктілердің бірі журналист отырған көлікке жақындап, оқ атқан, ал оның сыбайласы үйдің айналасындағы жағдайды бақылап отырған. 
Осыдан кейін олар қылмыс орнынан ізін суытып үлгереді. Ұзамай Украина-Молдова шекарасы арқылы елден қашып үлгереді.

Оларға қазір жарияланды халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу жалғасуда, күдіктілерді ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.  

Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаев Украинада қастандыққа ұшыраған журналистің ісін жіті бақылап отырғанын хабарлады.

«Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын», - деп жазды Берік Уәли.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow