«Путиннің баспасөз хатшысының қызы Қазақстанда ЖСН алды» – БАҚ
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Елизавета Пескова Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алып, санкцияларды айналып өту мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Malim.kz «Настоящее время» сайтына сілтеме жасап.
Ресей президенті баспасөз хатшысының қызы Елизавета Пескова Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғаны анықталды. Туған күні де сәйкес келіп тұр, деп хабарлайды тергеумен айналысатын «Система» жобасы.
Барлық мәлімет Қазақстанның Ұлттық куәландыру орталығының онлайн реестрінен және басқа да деректер базаларынан табылғаны айтылады.
Журналистер Елизавета Пескова ЖСН-ды 2022 жылдың қыркүйегіне дейін алғанын айтады, себебі нөмір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілген. Ал елорда Астана деген атын 2022 жылдың қыркүйегінде қайта алды.
Айта кетейік, Путин баспасөз хатшысының қызы 2022 жылдың наурызында АҚШ-тың, бірнеше айдан кейін Еуропалық Одақ санкцияларына ұшырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?