«Көре алмай отыр» демесе болды»: Ақбота Керімбекова атақ алған әріптестерін сынады

Қазан 24, 2024 - 17:10
Қазан 24, 2024 - 17:11
«Көре алмай отыр» демесе болды»: Ақбота Керімбекова атақ алған әріптестерін сынады
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Ақбота Керімбекова атақ алған әріптестерін сынады, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі осы күнге дейін мемлекеттік атақ алмағанын айтты.

“Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! “Ерен еңбегі үшін”, “Құрмет”, “Парасат”, “Даңқ”. Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен, өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?! Үйдегілер кейде сұрап қалады: “Әндетіп жүргеніңізге 30 жыл, мынадай мыңғырған атақтың біреуі сізге берілмей ме?” деп: “Ай, айналайындар-ай, үкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ. Үкімет те өзі үшін ән салмайтындарға бермейтін шығар?! Одан кейін атақтарды түгел алып шыққан кейбір адамдармен мені қатар қойып, халықтың алдына шығарса, халық бір де бір мемлекеттік атағы жоқ мені танып, құрметтеп кетуі мүмкін. Нағыз бақыт – сол” деп құтыламын. Ойым дұрыс шығар деп ойлаймын. Тағы шындығым үшін “көре алмай отыр” демесе екен. Айтпақшы, қазақ тарихынан да маңызды боп тұрған қазақ тиктoгының легендалары неге алмаған? Неге бермейсіңдер, үкімет?! Көре алмай жүрсіңдер ме?”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған еді.

Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері: театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышевқа, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, сондай-ақ белгілі әнші М.Ілиясоваға берілген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акбота Керимбекова (@botakerim)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow