Түркия Анкарадағы лаңкестік әрекеттен кейін Сирия мен Ирактағы күрд нысандарына соққы берді

Түркияның Анкара қаласында болған теракт салдарынан зардап шеккендердің саны артып жатыр.

Қазан 24, 2024 - 10:47
Қазан 24, 2024 - 11:06
Түркия Анкарадағы лаңкестік әрекеттен кейін Сирия мен Ирактағы күрд нысандарына соққы берді

Түркияның Анкара қаласында болған теракт салдарынан зардап шеккендердің саны артып жатыр. 

Turkish Aerospace (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясының штаб-пәтеріндегі қайғылы жағдайдан кем дегенде бес адам көз жұмып, 22 адам жарақат алған.

"Теракт салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға дейін артты. Жалпы жараланғандар - 22 адам, олардың үшеуі ауруханадан шықты", - деп атап өтті Түркияның ІІМ Әли Ерликая жергілікті телеарнаға берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол екі лаңкестің көзі жойылғанын атап өтті.

Бұған дейін Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, шабуылға Күрдістан жұмысшы партиясы қатысы бар болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Анкарадағы лаңкестік әрекеттен кейін Түркия Сирия мен Ирактағы Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы операция бастағаны белгілі болды. 

Түркия Қорғаныс министрлігі шабуыл барысында лаңкестерге тиесілі барлығы 32 нысан жойылғанын хабарлады. 

Түрік әуе күштерінің соққысы Анкара провинциясындағы Turkish Aerospace Industries (TAI, TUSAS) қорғаныс өнеркәсібі компаниясының нысандарында теракт жасалғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow