«Ең қымбат актриса»: Айгүл Иманбаева Баян Мақсатқызының қанша гонорар алатынын айтты

Жалпы Баян түсірілім алаңында күніне миллион теңге алады.

Қыркүйек 25, 2024 - 11:19
Қыркүйек 25, 2024 - 11:21
«Ең қымбат актриса»: Айгүл Иманбаева Баян Мақсатқызының қанша гонорар алатынын айтты

Танымал актриса Айгүл Иманбаева әріптесі, актриса Баян Мақсатқызының бір фильмге қанша гонорар алатынын айтты, деп жазады Stan.kz. 

Қос талант иелері “Көке” фильмінде бой көрсетті. Киноның продюсері Айгүл Иманбаева құрбы екендерін алға тартып, актрисаға бір тиын да төлемеген.

"Масқара болғанда, Баянға бір тиын төлеген жоқпын. Жалпы Баян түсірілім алаңында күніне миллион теңге алады. Ең қымбат актриса. Бірақ Баянмен 25 жылдық достығымыз бар. "Айгүл, мен келемін" деді. "Мен сенің бір киноңа жоқ демедім" деп көзімді алартып бастап едім, "Жақсы, жарайды түсіндім, мен барамын" деді. Солай келді", – деді Айгүл Иманбаева. 

Сонымен қатар Баян Алагөзоваға осы жылы киноға түсу бойынша 10 ұсыныс келген. Ол тек "Көке" фильмінің шақыртуын қабыл алған.

"Ұсынысын қабылдауыма бірінші себеп – Айгүл Иманбаева менің жан досым. "Көке" фильмінің түсіріліміне үш күн қалғанда "Шұғыл, құтқар, маған сенің көмегің керек" деп хабарласты. Үш күн ғана түсесің деген киносына сегіз күн түстім", – деді Баян Мақсатқызы. 

Еске салайық, "Еркеліктің қандай болатынын үйреттің" деп Айгүл Иманбаева күйеуіне арнап жазба жариялаған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow