Кәрім Мәсімов Тоқаевтан кешірім сұрады

Маусым 10, 2024 - 10:09
Маусым 10, 2024 - 10:09
Кәрім Мәсімов Тоқаевтан кешірім сұрады

Мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш берді, деген ақпарат тарады. 

Кәрім Мәсімов 2022 жылдың 6 қаңтары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. 

Сот «Аса құпия» деген тақырыппен қаралды.

Сот Кәрім Мәсімовті Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп таныды.

«Жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза тағайындалды - мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 18 жылға бас бостандығынан айырылды» деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімімен ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов генерал шенінен және мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow