Бес адам көз жұмды: Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды

Тағы үш адам ауруханада жатыр.

Маусым 10, 2024 - 09:39
Маусым 10, 2024 - 09:44
Бес адам көз жұмды: Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды
фото: qov.kz

Қарағанды қаласының маңында 9 маусымға қараған түні үш көлік соқтығысты. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Дубовка кентінің маңындағы Қызылорда-Павлодар автожолының 931-ші шақырымында болған.

Сағат 22:23-те бұрылыста Audi, Chevrolet Cobalt және Toyota Previa соқтығысқан. Апат салдарынан Chevrolet Сobalt көлігінің 22 жастағы жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. 

«Audi көлігінің 21 жастағы жүргізушісі, оның 17 жастағы жолаушысы және Toyota Previa көлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін сақтау қажеттігін еске салады. Шынында да, жол қозғалысының барлық қатысушысының өмірі осыған байланысты», - деді тәртіп сақшылары. 

Ал Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы туралы түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен екі адам тұрақты ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow