Грузияны Еуроодаққа қабылдау процесі тоқтатылды

Маусым 28, 2024 - 10:50
Маусым 28, 2024 - 10:51
Грузияны Еуроодаққа қабылдау процесі тоқтатылды

Еуропалық Одақ елдерінің басшылары Грузияның одаққа кіру процесін іс жүзінде тоқтатты. Басты себеп елде қабылданған «шетелдік агенттер» туралы заң. 

DW басылымының ақпаратына сүйенсек, «шетелдік агенттер» туралы заңды қабылдау арқылы Грузия Еуроодаққа кіруге үміткер мәртебесінен айырылды. Шешімді 27 маусымда Брюссельдегі саммит қорытындысы бойынша Еурокомиссия өкілдері қабылдады.

«Грузияның ЕО-ға баратын жолына қауіп төндіретін және іс жүзінде кіру процесін тоқтатуға әкелетін әрекетті тоқтату қажет», – делінген комиссия қабылдаған құжатта.

Грузия 2023 жылдың желтоқсанында Еуропалық Одаққа кіруге үміткер ел мәртебесін алған. 23 маусымда Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Джозеп Боррел Еуроодақ бұл мәртебені алып тастау мүмкіндігін қарастыруы мүмкін екендігін айтқан.

Грузия парламентінің құқықтық мәселелер жөніндегі комитеті «шетелдік агенттер» туралы заңды мақұлдағаннан кейін наразылық акцияларында полициямен қақтығыс болып, ондаған адам ұсталған.

Дәл осындай заңды Қырғызстан да қабылдады. Энтони Блинкен Қырғызстан тарапына да бұл заңға қатысты алаңдаушылық білдіретінін жеткізген еді. Алайда Қырғыз президенті Садыр Жапаров Блинкеннен Қырғызстанның ішкі істеріне араласпауды сұрады. Жапаров заң жобасын Қырғыз мемлекеті осы коммерциялық емес ұйымдарға қаржының қайдан келетінін, қалай, қандай мақсаттарға жұмсалатынын бақылау мақсатында әзірлегенін айтты. 

kursiv.media

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow