Түркістандағы қанды қылмыс: анасы мен сіңлісінен айырылған қыздар қысым көріп жатқандарын айтты (ВИДЕО)

Қыркүйек 15, 2024 - 17:22
Қыркүйек 15, 2024 - 17:23
Түркістандағы қанды қылмыс: анасы мен сіңлісінен айырылған қыздар қысым көріп жатқандарын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында жуырда болған қанды оқиғаға қатысты полиция қызметкерлерінің әрекетінен шикілік шықты. Анасын кірпішпен ұрып өлтіріп, қызын зорлап, қинап өлтірген оқиға жұртты дүрліктірді. Кісі қолынан қаза болған әйел адамның екі қызы тәртіп сақшыларынан қысым көріп отырғандарын айтып, құзырлы органдардан көмек сұрап, видео жариялады, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Олар Бас прокурордан, облыс әкімдігінен көмек сұрап, күдікті адамның өмір бойына сотталуын талап етті.

«Үкімет басшыларынан көмек сұраймыз. Біз - Ақдидар Толғанбаева Ерланқызы, Райхан Толғанбаева Ерланқызы. ҚР Бас прокурорынан, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыдан көмек сұраймыз. Анамыз бен сіңлімізді айуандықпен өлтірген Ақанов Абай Асхатұлын өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз.

Біріншіден сұрайтынымыз, аудан әкімінен бастап түгелдей басшылықтарды, аудандық ішкі істер бөлімі басшылары және олардың орынбасарлары, білім саласында №13 Т.Бигелдинов атындағы мектептің директорына және орынбасарларына шара қолдануды сұраймыз. Менің және сіңлім екеуіміздің сұрап отырғанымыз, зорлық-зомбылықпен, айуандықпен айналысқан адамды мектеп қабырғасына қалай жұмысқа орналасқанын білгіміз келеді.

Сіздерден көмек сұрау себебіміз, аудан басшылықтары дұрыс жұмыс жүргізгенде, мұндай айуандық болмас па еді», - дейді әпкелі-сіңлілі Толғанбаевалар.

Олар өз сөздерінде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің әрекетін айтып, көмек сұрады.

«Сіңлім екеуімізді бүгін РОВД-ға шақырту алып, басынбақ болды. Полиция подполковнигі Мұрат Әбілханұлы қорқытып, сіздерді әлеуметтік желіге салғандарыңыз үшін 600 мың теңге көлемінде айыппұл немесе 15 күн бас бостандықтарыңыздан айыруды талап етемін деді.

Сіңлім екеуіміз құзырлы органдар қорқытқаны үшін жазалауды сұраймыз. Біз іштей жылап, анам мен сіңлімді қара жерге тапсырып, ішімізді өртеп бара жатқанда олар бізді қорқытты», - деп қайғыдан қан жұтқан қыздар құзырлы органдардан көмек сұрады.

Олардың айтуынша, әкелерін де осыдан 15 жыл бұрын өлтіріп, іс сол қалпы жабулы күйінде қалған.

«Осыдан 15 жыл бұрын 28 қазан күні әкеміз Байболатов Ерлан Толғанбайұлы кісі қолынан қаза тапқан. Ол іс бей-жай қалған. Іс мүлдем қозғалған жоқ. Әкеміз өмірден өткеннен кейін анамыз әкенің де, ананың да орнын басып, осы күнге бізді жеткізіп еді. Өзі сіңлім екеуі кісі қолынан қаза тауып отыр. Арада 15 жыл өтсе де аудан басшылықтары адам өліміне немқұрайлы қарап, қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Мен және сіңлім осындай айуан адамдардың кесірінен тірі жетім болып қалдық. Айтып өткен мәселелерге бей-жай қарамауларыңызды сұраймыз», - деді Ақдидар мен Райхан Толғанбаевалар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қызықты видеолар???? (@dubsmash_kaz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow