Министрлікті сотқа берген алматылық түлектердің барлығы білім грантын иеленді

Қыркүйек 16, 2024 - 16:16
Қыркүйек 16, 2024 - 16:22
Министрлікті сотқа берген алматылық түлектердің барлығы білім грантын иеленді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрлікті сотқа берген алматылық түлектерге қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Sadaqnedia.kz ақпарат порталы.

Бірінші азаматтың арызы соттың шешімімен бірден қайтарылды. Неге десеңіз, талапкер мемлекеттік гранттың иесі. Жалпы, іс өз-өзімен тоқтатылды. Қазіргі таңда Астана әкімшілік сотында белсенді тек бір іс қарастырылып жатыр. 19 қыркүйек күні соттың бірінші отырысы өтеді. Алайда сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің және мемлекеттің грантын алған. Енді тек соттың шешімін күтеміз, - деді Саясат Нұрбек.

Тағы оқыңыз: ҰБТ-дан жоғары балл алған кейбір түлектер неге грантқа ілінбеді?

БАҚ өкілдері министрге «сізді сотқа бергендердің бәрі грант иеленді ме сонда?» деп сұрады. «Иә, дәл солай» деп жауап берді министр.

Айта кетейік, биыл су басқан өңірлерге квота бөлінгендіктен, ҰБТ-дан жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмай қалған түлектер әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдірген. Оның кейбірі Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берген болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow