«Көк кит ойыны сияқты» : Алматыда екі оқушы қыз биіктен секіріп кетті

Олар үйдің не терезесінен, не шатырынан секірген.

Қыркүйек 16, 2024 - 14:21
Қыркүйек 16, 2024 - 15:59
«Көк кит ойыны сияқты» : Алматыда екі оқушы қыз биіктен секіріп кетті
фото: Sputnik / Владислав Воднев

Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың мәйіті табылды. Бұл ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сұмдық оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді. Полиция біздің редакцияға оқиғаны растады.

Бірақ, қыздар қандай жағдайда және не үшін секіргені әзірге хабарланып отырған жоқ.

«Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Orda.kz сайтының жазуынша, шатырдан  пышақтар, ұйықтататын дәрілер және басқа да күмәнді заттар табылды. Алдын ала болжам бойынша, бұл әрекеттің алдын ала жоспарланғанын көрсетеді.

Мектептегі буллинг пе, әлде ішкі күйзеліс пе - бұл сұрақтарға әлі де жауап табылмады. Мұғалімдер мен ата-аналар бұл оқиғаға сенгілері келмейді. Қыздар мектептен шығып, күзетшіге дүкенге барамыз деп алдап, өмірмен қоштасу  үшін көрші тұрған көпқабатты үйдің шатырына бет алған.

«Бір оқушы қыз көрші үйде тұратын, екіншісі жолдың арғы бетіндегі аулада тұратын. Бұл оқиғаға қыздар алдын ала дайындалған болуы керек, шатырдан дәрілер мен пышақтар табылды. Олар алып келген дәрілердің ішінде травмадол, карвалол бар. Мен үйде отырғанда тұншығып шыққан дыбысты естідім. Кейін чаттан хабарлама көрдім: қыздар жерде жатыр екен. Бірден жедел жәрдем шақырдық, жедел жәрдем де келді, ата-аналары да шамамен 11-де келді», - деді көршісі.

Тұрғынның айтуынша, қыздардың бірі қазақ, екіншісі славян келбетті болған.

«Менің ойымша қыздар бұл іске әдейі дайындалған. Мүмкін буллингтен болар, немесе бұрынғы «Көк кит» ойыны сияқты. Бір қыз жоғарғы қабатта аяқ киімсіз, екіншісі жерде аяқ киімімен жатты»

Көршілері қыздар құлаған кезде ешқандай дауыстың естілмегенін айтады.

«Құлап бара жатқанда ешкім айқайлаған жоқ. Түсінесіз бе? Олар бірдеңе қабылдаған сияқты. Әдетте, құлаған кезде айқайлайсың ғой, ал мұнда бәрі  үнсіздік болды»
Үй тұрғындары шатырға кіру оңай екенін, себебі есіктердің жабылмайтынын айтты.

«КСК еш әрекет етпейді. Шатырда ешқандай құлып жоқ, тіпті үйсіздер де сонда жүреді. Біз бірнеше рет құлып қойдық, бірақ оны КСК қызметкерлері алып тастайды, себебі лифтер шатырға шыға алмайды», деп түсіндірді көршілері.

Тұрғындар қыздардың отбасыларында қандай да бір мәселелер бар-жоғын білмейді. Оқиға болғаннан кейін мектеп әкімшілігінің өкілдері келді.

«Мектеп директоры, әкімшілік басшылары келді. Бұл үшін олар кінәлі екенін айтты. Олар ата-аналарына да жылап, қыздарының қайтыс болғанын естіртті»,
деді куәгерлер.

Мектеп бұл оқиғаға түсініктеме беруден бас тартты. Әкімшілік мектепте тергеу жүріп жатқанын, полиция бәрін анықтайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow