Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апаты: белгілі кәсіпкер қамауға алынды

Оның кәсібі машина жасау саласында.

Қыркүйек 3, 2024 - 10:37
Қыркүйек 3, 2024 - 11:08
Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апаты: белгілі кәсіпкер қамауға алынды

Қарағандыда болған жантүршігерлік жол апатына байланысты белгілі кәсіпкер Сергей Камаев қамауға алынды. 

«Адам өліміне себепкер болған Lexus жүргізушісі Қазақстандағы белгілі кәсіпкер Сергей Камаев болып шықты. Оның кәсібі машина жасау саласында», - деп хабарлады Patriot арнасы.

Айтуынша, Lexus жүргізушісі өз жолағында жоғары жылдамдықпен келе жатып, алдыңда келе жатқан көлікті соққан. Нәтижесінде адам өліміне әкелетін апат болған. Алты көлік апатқа ұшырады. 

Камаевтың Қазақстандағы машина жасау саласының дамуы туралы бірнеше рет БАҚ өкілдеріне сұхбат бергені, түрлі конгресстер мен дөңгелек үстелдерге қатысқаны, сонымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі екені атап өтіледі.

Мәліметтерге сәйкес, «Ниссан» көлігінің жүргізушісі 1984 жылғы Алдаңғаров қаза тапты. Ал жолаушы Алданғаровтың жүкті әйелі. Қазір ол ауруханада жатыр.

Қарағанды ​​облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов бұл іс полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow