Дереккөз: Головкин Құлыбаевтың орнын басады

Генедий Головкин мықты боксшы, бірақ та ол білікті менеджер бола ала ма?

Ақпан 5, 2024 - 14:47
Ақпан 5, 2024 - 15:00
Дереккөз: Головкин Құлыбаевтың орнын басады

Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа төрағасы болып боксшы Геннадий Головкин тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы YEDILOV ONLINE телеграмм-арнасына сілтеме жасап.

Қазір Ұлттық олимпиадалық комитет президенті қызметін Тимур Құлыбаев атқарып жүр. Әйтсе де соңғы Токио Олимпиадасында қазақ спортшылары нашар нәтиже көрсетіп, жанкүйерлердің сынына қалған болатын. Сондықтан да Тимур Асқарұлының қызметтен кеткені өте орынды.

Әйтсе де әлеуметтік желіде «Генедий Головкин мықты боксшы, бірақ та ол білікті менеджер бола ала ма?» деп жазып жатыр. Расында әйгілі боксшы екен деп Головкинді Ұлттық олимпиадалық комитет президенті ету қаншалықты дұрыс?

Генадий Головкин алдағы сәуір айында 42 жасқа толады. Ол бүгінге дейін 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Ең соңғы рет 2022 жылы Канеломен жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow