Өзбекстан атынан өнер көрсеткен қазақ боксшысы Олимпиадада алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Айта кетейік, 63,5 келіде Қазақстан намысын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қорғайды.
Бокстан Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
1/8 финалда 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем және Азия чемпионы Абдуллаев шаршы алаңда мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен сенімді түрде жеңіске жетті – 5:0. Осылайша, ширек финалға шықты.
Айта кетейік, 63,5 келіде Қазақстан намысын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қорғайды. Ол да бүгін кешке 1/8 финалдық кездесуін өткізеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?