Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегерлері елге оралды (ВИДЕО)

Тамыз 7, 2024 - 11:18
Тамыз 7, 2024 - 11:19
Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегерлері елге оралды (ВИДЕО)

Елімізге тарихи жеңіс сыйлаған спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлде иегері Нариман Құрбанов пен нысана көздеуден араға 28 жыл салып, қола жүлдеге ие болған қос отандасымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев елге оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Барша қазақ елінің үмітін ақтап, көк туымызды көкте желбіреткен ұлттық құрама спортшыларын Алматы қаласының әуежайынан туған-туыстары, БАҚ өкілдері, достары мен спорт саласының өкілдері құрмет-қошеметпен қарсы алды.

Естеріңізге салайық, Нариман Құрбанов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал, нысана көздеуден ел қоржынына сонау 1996 жылдан бері алғашқы жүлдені сыйлаған отандастарымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев Париж Олимпиадасының «қола» жүлде жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow