Тоқаев 7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Жақында Қазақстанда маңызды іргелі реформалар басталады,

Ақпан 5, 2024 - 15:26
Тоқаев 7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

7 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады", - делінген хабарламада.

Қазақстан президенті осындай кездесу өткізетінін бұған дейін де мәлімдеген болатын.
Италиядағы әлеуетті инвесторлармен кездесу барысында Қазақстанда ірі-ірі реформалар жүргізілетінін айтқан еді. 
"Жақында Қазақстанда маңызды іргелі реформалар басталады, ол біздің экономикамызды едәуір ашық, тұрақты және серпінді етеді", - деген еді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow