«Энергетика деген осы»: Ерке Есмахан өзінен 41 жас кіші адамға тұрмысқа шыққан әншіге тамсанды

Қазан 22, 2024 - 12:11
«Энергетика деген осы»: Ерке Есмахан өзінен 41 жас кіші адамға тұрмысқа шыққан әншіге тамсанды
Фото: Instagram/erke_esmahan Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан 78 жастағы америкалық Шерилин Саркисянға тамсанатынын жеткізді, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

«Жасы 78-де екен. Бірақ маған жас көрінетіні емес, ішкі жағдайы ұнайды. Жас көріну, көрінбеу маңызды емес. Бастысы лап-лап етіп тұрғаны ғой. Қасындағы жігіті 37-де. Мен өзімді ерекше өмір сүріп жатырмын деп жүрсем. Жақында «Victoria’s Secret» көрсетілімінде болған. Қыздарға емес, осы Шерге қарайсың. Энергетика деген осы шығар», - деп жазды әнші.

Айта кетейік, 2023 жылы 38 жастағы қазақстандық әнші Ерке Есмахан мен Raim сахналық есімімен танымал 26 жастағы орындаушы Райымбек Бақтыгереев некелерін қиды. Олардың жас айырмашылығы – 12 жас.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow