«Қайрат Сатыбалды менің ақтауыма мұқтаж емес» - Мұхамеджан Тазабек

Биліктің құрығы ұзын. Кімге не істейтінін менен, сізден, одан сұрамайды.

Тамыз 18, 2024 - 12:21
Тамыз 18, 2024 - 12:22
«Қайрат Сатыбалды менің ақтауыма мұқтаж емес» - Мұхамеджан Тазабек
Фото: ашық дереккөз

Мұхамеджан Тазабек Қайрат Сатыбалдының түрмеден шығуына қатысты жазба жариялап, дұғаға қосқанын айтқан еді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оның бұл әрекеті көпшіліктің сынына ұшырады. Кейіннен ол арнайы жазба жариялап, Қайрат Сатылбалдының «оның ақтауына, елдің даттауына мұқтаж емес» екенін айтты.

"Кешегі посттан кейін біраз шуладық. Әдейі салған едім. Енді соның себебін айтайын. Биліктің құрығы ұзын. Кімге не істейтінін менен, сізден, одан сұрамайды. Жазасын өтеп жатқан жақындарымыз да ересек жандар. Не істесе де іші біледі, жүрегі сезеді. Ешкім менің ақтауыма, сіздің даттауыңызға мұқтаж емес. Алла басқа салғанын көріп жатыр. Тек, сүрінгенді де, бүлінгенді де табаламайық. Алдымызда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді", – деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow