Қайырымдылық үшін жиналған киім-кешек дүкен сөресінен табылған
Бір жейдені өндіру үшін 2 жарым тоннадан аса су жұмсалады. Бұл бір адамның 2 жарым жыл бойы тұтынатын тіршілік нәрі. Сондықтан киілген киімдерді қоқысқа тастай салмай, қайта өңдеген жөн дейді экологтар. Мұнымен өндірушілер де келісіп отыр. Бірақ журналистердің жүргізген зерттеуі компаниялардың басқаша әрекет ететінін көрсеткен, деп жазады 24kz.
Швецияның "Эс Ви Ти" телеарнасы киім-кешекті қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша өзінің тергеуін жүргізді. Журналистер қайта өңдеуге арналған жәшікке түскен киімге жасырын түрде GPS-трекерлер орнатып қойып, оның қайда кететінін бақылап отырған. Бірақ ұйымдасқан қылмыстық топтар бұл тауарларды Африка елдеріне сатып жібереді екен. Сөйтіп кейіннен ол заттар Кения, Гана, Танзанияның қоқыс полигондарынан табылған.
Өндірушілер үшін бұдан не пайда деген сұраққа тілшілер былай дейді. Матаның құрамына байланысты бұл бұйымдарды қайта өңдеу жағы қиын. Сондықтан компаниялар үшін оларды басқа жаққа өткізіп жіберу не заңсыз қоқыс полигондарында өртеп жіберген әлдеқайда тиімді. Сингапурдегі ескі аяқ киімдер қайта өңделудің орнына Индонезияда сатылған 2021 жылы америкалық Доу химиялық компаниясы Сингапур үкіметімен келісімшартқа қол қойған. Тараптар ескі аяқ киімдерді қайта өңдеп, одан балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық жабдық өндіруге келіскен. Бірақ бір жылдан кейін Рейтер агенттігі тергеу жүргізіп, аяқ киімге GPS-трекерлер орнатқан. Олардың бірде бірі қайта өңделмеген. Көбінің Сингапурге жақын орналасқан Индонезиядағы төмен бағамен сатылатын киілген киімдер дүкендеріне түскені белгілі болған. Финляндияда қайырымдылыққа жиналған киім өзге елдерге экспортталған
Ал Финлияндияда журналистер қайырымдылыққа арналған киімдердің қайда түсетінін тексеріп көрген. Статистика бойынша, тұрғындардың үштен бірі киілген заттарын қайырымдылық ұйымдарына өткізеді. Тілшілер арнайы жәшіктердің ішіндегі бұйымдарға электронды трекерлер орнатқан. Сөйтсе киімдер елдегі мұқтаж жандарға емес, Латвия, Пәкістан, тіпті Африка елдеріне экспортқа кеткен екен.
Сіздің реакцияңыз қандай?