Екі көлігін сатқан боксшы Назым Қызайбайға тағы бір көлік сыйлады

Қазан 7, 2024 - 11:18
Қазан 7, 2024 - 11:29
Екі көлігін сатқан боксшы Назым Қызайбайға тағы бір көлік сыйлады

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай жақында ақшаға мұқтаж болып, сыйға берілген үш көліктің екеуін сатқан болатын. Осыдан кейін оған тағы бір темір тұлпар табысталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай жарыстан кейін сыйға алған үш көліктің екеуін ақшаға мұқтаж болып, сатылымға шығарғанын хабарлаған болатын. 

Осы оқиғадан кейін Алматы қалалық бокс федерациясы Назым Қызайбайды жазғы Олимпиадада қола жүлде алуымен құттықтап, тағы бір көлік сыйлады.

Боксшы сыйға алған көлікті қалай пайдаланатыны туралы әлі мәлімдеме жасамады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow