Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

Желтоқсан 2, 2023 - 11:03
Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті
Сурет ашық дереккөзден алынды

Бүгін, 2 желтоқсанда сатира әртісі Асқар Наймантаев өмірден озды, деп жазады sadaqmedia.

Актердің қазасы туралы дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали хабарлаған. Наймантаев бір апта бұрын ауруханаға түскен болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Наймантаев 
1965 жылы 17 маусым күні Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі от басында дүниеге келген. Әкесі Әбдіғалым Наймантаев "Нарынқол халық театрында" режиссер, ал, анасы Рафия Райжанова сол халық театрының актрисасы болып қызмет атқарған.

Асқар Наймантаевты ел "Тамаша" әзіл-ысқақ театры арқылы біледі. Кейін актер "Терісқақпай", "Аққу-Гәкку" сатира театрларын ашып, еңбек етті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow