Екі баласын өлтіруі мүмкін күдікті келіншек ұсталды (ФОТО)

Ақпан 8, 2024 - 15:49
Ақпан 9, 2024 - 00:05
Екі баласын өлтіруі мүмкін күдікті келіншек ұсталды (ФОТО)

Күдікті Бота Хамитқызы балабақшада жұмыс істеген, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы

«Полиция екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.

Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды.

Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда» - деп жазды ол.

Ал журналист Михаил Козачков өзінің телеграм каналында күдіктінің суретін жариялады.

«Танысып қойыңыздар, бұл Бота Хамитқызы. 7 ақпанда ол 32 жасқа толды. Бүгін ол қос сәбиін өлтірді деген күдікпен Шымкентте ұсталды. Оның балалары өлтірілді. Әйел балабақшада жұмыс істеген» - деп жазды журналист.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow