«Ұшаққа домбыра алып кірсеңіз, ақша төлеуге міндеттісіз» - әуе компаниясы
Бұл әлемде бар тәжірибе. Оны барлық әуе компания қолданады.
Air Astana компаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога ұшаққа домбырамен кірген жолаушы қосымша ақша төлеуге міндетті екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Астанада өткен баспасөз мәслихатында Air Astana өкіліне "Ұшаққа домбыраны алып кіру үшін қосымша ақша төленуі керек пе?" деген сұрақ қойылды.
Александр Небога жолаушы музыкалық аспап үшін төлеуге міндетті деген норма барын атап өтті.
"Біз ұшақ резіңке емес екенін білеміз. Әуе кемесінде багаж бен қол жүгіне арналған орындар бар. Бірақ онда олардың көлемі мен салмағы бойынша белгілі бір шектеулер қарастырылған. Тиісті музыкалық аспаптарды тасымалдауға рұқсат беріледі. Алайда ол үшін қосымша орын сатып алу керек. Бұл әлемде бар тәжірибе. Оны барлық әуе компания қолданады", - деді Air Astana вице-президенті.
Сіздің реакцияңыз қандай?