«Әкімнің бастамасы болуы мүмкін»: Антикор Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунікке қатысты пікір білдірді

Шымкент әкімі тұрғын үй басқармасының басшысы Азат Момыновты ұстатып жіберген болатын.

Ақпан 8, 2024 - 17:51
Ақпан 8, 2024 - 17:52
«Әкімнің бастамасы болуы мүмкін»: Антикор Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунікке қатысты пікір білдірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкентте жиналыс кезінде ұсталған тұрғын үй басқармасы басшысына қатысты пікір білдірді.

Саян Ахметжановтың айтуынша,  мұндай іс-шаралар алдын ала келісім бойынша жүргізіледі.

"Біз бұл жағдайды қарастырдық деп ойлаймын. Жемқорлыққа қарсы қызмет ашық жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті (оқиға орнына) шақырғанда жергілікті атқарушы органмен келісіледі. Бұл қала әкімінің бастамасы болуы мүмкін", - деді ол.

Естеріңізде болса, алтыншы ақпан күні Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бір қызметкерін нақты айтар болсақ,  тұрғын үй басқармасының басшысы Азат Момыновты ұстатып жіберген болатын.

Азат Момыновты ұстау кезіндегі идеоны Шымкент қаласының әкімі  әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен еді. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow