Астанада атақты A’Studio тобының үздік әндерінен құралған «Джулия» мюзиклі өтеді

Қараша 7, 2023 - 11:26
Қараша 10, 2023 - 00:43
Астанада атақты A’Studio тобының үздік әндерінен құралған «Джулия» мюзиклі өтеді

 

Желтоқсанның 9 мен 21 арасында Astana Ballet театрының сахнасында A’Studio тобының ел сүйсінген әндеріне негізделген "Джулия" мюзиклі өтеді, деп хабарлайды sadaqmedia.

Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, жоспар бойынша 19 көрсетілім қарастырылған.

"Джулия" мюзиклінің оқиға желісі романтикалық қарым-қатынасқа, кездесу бақыты мен қоштасу мұңына, мәңгілік махаббат пен өмірлік бір болуды іздеу сияқты сезім әлеміне негізделген. Қойылымды A’Studio тобының ұзақ жылдар бойына жетекшісі Байғали Серкебаев пен атақты қоюшы-режиссер Василий Бархатов бастаған үлкен халықаралық шығармашылық топ іске асырды. «Джулия» мюзиклінің либреттосын танымал сценарист, драматург Михаил Дурненков жазды”,-деп хабарлайды жобаның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазақстандықтар “Джулия” әнін марқұм Батырхан Шүкеновтің орындауында жақсы біледі. Дереккөзге сүйенсек, қойылым барысында топтың бірнеше танымал әндері қазақ тілінде шырқалады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow