«Біреулер қастықпен өлтірді»: Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы өмірден өтті

Суық хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді.

Қазан 8, 2024 - 14:29
Қазан 8, 2024 - 15:42
«Біреулер қастықпен өлтірді»:  Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы өмірден өтті
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды. Суыт хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы хабарлады.

«Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын!

Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне «құран бағыштадық» деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!», – деді Л. Сұлтанқызы.

Қаралы хабар туралы МАқпал Жүнісова да жазған. 

«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін! Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Айта кетейік, 2023 жылы 24 қаңтарда танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow