«Дағыстандағы лаңкестік топтың ішінде Хабиб Нурмагомедовтің шәкірті болған» - БАҚ
Ресейлік БАҚ құралдарының жазуынша ол екеуі шетелдік террорлық ұйымдарға мүше болған. Екеуі атыс кезінде көзі жойылған.
Дағыстандағы лаңкестік оқиғаға байланысты Сергокалин ауданының әкімі Магомед Омаров тұтқындалды деген хабар тарады. Махачкала мен Дербенттегі лаңкестік шабуылдарды Магомед Омаровтың Әділ және Осман есімді екі ұлы ұйымдастырғаны анықталған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ресейлік БАҚ құралдарының жазуынша ол екеуі шетелдік террорлық ұйымдарға мүше болған. Екеуі де атыс кезінде көзі жойылған.
Сонымен қатар, полицейлерге оқ жаудырған террористердің бірі Хабиб Нурмагомедовтің шәкірті болуы мүмкін деген жорамал бар. "Атыс кезінде қаза тапқан лаңкестердің бірі – Eagles MMA клубының файтері Гаджимурат Кагиров болуы мүмкін" деп жазған кейбір ақпарат құралдары.
Eagles MMA клубын атақты спортшы Хабиб Нурмагомедов ашқан.
Кеше кешкісін Махачкала мен Дербент қалаларындағы шіркеу мен синагогаға шабуыл жасап, біраз адамды атып тастаған болатын.
Атыс кезінде 15 полиция қызметкері қаза тауып, 16 адам жараланған. Бұл сандар әлі де өсуі мүмкін.
Арнайы операция кезінде алты лаңкестің көзі жойылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?