Швецияда тағы бір белсенді Құран кітабын өртеді
Стокгольмда шведтік белсенді Джейд Сандберг Құранды өртеді, деп хабарлайды Vesti.ru.
Швеция полициясының қорғауымен өткен акцияны A haber Түрік телеарнасы бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады.
Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған. Джейд Сандберг бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеп, акцияны 3 мамыр күні Мальмда қайталайтынын жазған.
Швед полициясы 17 сәуір күні қоғамдық жиналыс өткізу арқылы Құранды өртейтін акция туралы өтінішті қабылдап, рұқсатын берген.
Енді қасиетті кітапты өртеу 3 мамыр күні «Евровидение» музыкалық конкурсы қарсаңында Густава Адольф алыңында өтеді деп жоспарланып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?