«Грекияда бүтіндей бір аралды өртеп жіберген туристердің арасында Құлыбаевтың адамы болған» - дереккөз

Маусым 24, 2024 - 10:20
Маусым 24, 2024 - 10:42
«Грекияда бүтіндей бір аралды өртеп жіберген туристердің арасында Құлыбаевтың адамы болған» - дереккөз
Коллаж Ulysmedia

Кейбір дереккөздері Грекияда бүтіндей бір аралды өртеп жіберген туристердің арасында Данияр Әбілғазин болуы мүмкін екенін айтып жатыр, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Данияр Әбілғазин Тимур Құлыбаевтың серіктесі саналады. Forbs тізіміндегі олигархтардың бірі саналады. 380 миллион доллар байлығымен отандық Forbes тізімінде 21-орында тұр.

«Яхтаны Әбілғазин жалға алған. Грекияның Ішкі істер министрлігіне мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне біздің сауалымызға жауап алған жоқпыз. Бірақ егер жалға алушының аты-жөні расталса, онда қазақстандық туристер заңгер жалдау және келтірілген шығынды өтеу жағынан қиындық көрмеуі керек», – деп жазған «Чемодан госсекретов» телеграм-каналы.

Алайда бұл ақпаратты СІМ жоққа шығарды.

"Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған", – делінген СІМ таратқан мәлімдемеде.

Бұған дейін Қазақстаннан барған туристер Грекияда бүтіндей бір аралды өртеп жібергенін жазған едік.

17 турист жеке қайықтан отшашу атып, өрт шығарған. Не істеп қойғанын түсінген кезде өртті сөндіруге тырысқан. Әрекеттері сәтсіз екеніне көзі жеткен соң өрт сөндіру бригадасын шақырып, өздері кетіп қалған.

Өртке себеп болған он үш адам тұтқындалған. Олар бүгін прокурорға жеткізіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow