«Бұрынғы әйелімен бір киноға түсіп жүр»: Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовтан үлгі алуға шақырды

Сәбит сонымен қатар қазақ демографиясына үлес қосып жүр.

Шілде 18, 2024 - 17:40
Шілде 18, 2024 - 17:41
«Бұрынғы әйелімен бір киноға түсіп жүр»: Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовтан үлгі алуға шақырды
Фото: ашық дереккөз

Баян Мақсатқызы бір жобада бой көрсетіп жатқан актер Сәбит Әбдіхалықов пен актриса Айгүл Иманбаеваны көрсетті, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Жұлдызды жұп “Көке” атты фильмге түсіп жатыр. Режиссері – Асылжан Әбдімүтәлі, деп жазады Stan.kz.

“Бүгін түсірілім алаңына Сәбит Әбдіхалықов келді. Идея авторы мен бас продюсері. Бұрынғы әйелімен бірге киноға түсіп жатыр. Не деген идеалды қарым-қатынас. Сәбит сонымен қатар қазақ демографиясына үлес қосып жүр. Бүгінде жеті баланың әкесі. Әлі де үлес қоспақшы”, – деп күлді Баян Мақсатқызы. 

Жуырда еліміздің барлық кинотеатрында көрсетілетін фильмнің сюжетін Айгүл Иманбаева айтып берді. 

“Менің образым – Қарлығаш Капенова. Әкімшіліктің идеология бөлімінде жұмыс істейді. Өзіме де қызық болып тұр. Режиссері – Асылжан Сәбитұлы. Баршаңызға сәттілік тілеймін”, – деді актриса. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow