Семейде қатты аяздан көпір екіге бөлініп кетті

Көпірдегі жарықтың ұзындығы кейбір жерлерде 20 сантиметрге жетеді.

Ақпан 19, 2024 - 11:54
Ақпан 19, 2024 - 12:06
Семейде қатты аяздан көпір екіге бөлініп кетті

Қатты аяздың салдарынан Семейдегі аспалы көпір екіге бөлінді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, көпірдегі жарықтың ұзындығы кейбір жерлерде 20 сантиметрге жетеді. Алайда қала билігі, жағдайдың бақылауда екенін, көпірге құлау қаупі жоқ екенін айтып ант-су ішіп отыр.

«16 ақпанда -29 градус ауа температурасында деформациялық тігістер мен аспалы көпір тіректерінің көрінетін конструкциялары тексерілді. № 1 тіректе шамамен 70 мм және деформациялық тігістердің жоталары арасындағы № 10 тіректе 60 мм саңылаулар табылды. Көпір тіректерінің жай-күйі қанағаттанарлық деп бағаланды, көпірдің құлау қаупі анықталған жоқ», – деп хабарлады Семей әкімдігінде.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow