Түркістан облысында автобус мотоцикл жүргізушісін соғып өлтірді (ВИДЕО)

Тамыз 7, 2024 - 11:23
Тамыз 7, 2024 - 11:23
Түркістан облысында автобус мотоцикл жүргізушісін соғып өлтірді (ВИДЕО)

Түркістан облысында автобус пен мотоцикл соғысты. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Kozachkov offside телеграм каналына сілтеме жасап.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеодан жол жиегінен жүріс бөлігіне шыққан мотоциклді автобустың қағып кеткенін көруге болады.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Сарыағаш ауданы полиция бөлімінде жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына тоқтамай спорттық мотоциклмен соғысқан. Салдарынан 37 жастағы мотоциклші қайтыс болды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді полиция.

Тексеру кезінде жүргізушінің байсалды күйде екендігі анықталды. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow