«Бұл жерде бір Жанқош қана емес, әкесінің де кінәсі бар»: Әнарудың құрбысы тағы бір жайттың бетін ашты
Әнаруға сол барған кезінде көмектесіп жіберсе, бұл оқиға орын алмас еді-ау…
Әлеуметтік желіде өзін Әнару Қалдыбекпен бір университетте оқыдым деп таныстырған бір адамның жазбасы тарады. Ақгүл Айдарбекқызы есімді фейсбук қолданушысының жазуынша, бұл жерде тек қана Жанқош қана емесғ Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлінің де кінәсі бар. Оның айтуынша, белгілі композитор қызына көмек беруден бас тартқан, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
"Әнару Қалдыбекпен бір универде оқып, бір ақындар орталығына барғанбыз. Өзі өте өнерлі, ерекше әншілік қабілеті бар қыз болды. (Бұндай тақырыптарда пост жазбайтын едім, қыз тағдыры қор болып бара жатқан соң білгенімді қоса кетейін).
Ақындар орталығында жүргенде Әнарудың қатты күйзеліп жүргенін көрдім. Анам өмірден өтіп кетті деп жиі жылап қалатын. Оны бізбен бірге бірнеше қыз-жігіттер көрді. Бір күні “Әкеммен кездесетін болдық. Әкемнен әншілік ортаға кіруіме көмектесуін сұрайын ба?” деп бізбен ұза-а-ақ ақылдасты, бір жағынан сұрауға қысылып, ыңғайсызданып тұрғанын байқадық. Біз: “Әрине, әкең ғой, танымал адам, бір жағынан сол саланың қазанында қайнап жүр, әкеңнің ол қолында тұрған дүние” деп қоштай кеттік. Сөйтсек, әке деген бәрінде бірдей бола бермейді екен.
Кездесуден кейін “әкем көмектеспейтін болды” деп көңілсіз жүрді… Қарап тұрсам, Әнаруға (бала кезінен демей-ақ қояйын) сол барған кезінде (ол кезде шамасы жасы 21-22-де болды-ау) көмектесіп жіберсе, бұл оқиға орын алмас еді-ау…
Әнарудың артында арқырап әкесі тұрса, оны қай еркек бұлай басынады.
Ал әкесі қайтты? “Қанша балам бар екенін санаған да жоқпын” деп мәлімдеді емес пе? Бұл әкесінен түрі де, үні де, Құдай берген таланты да аумай қалған Әнарудың жүрегіне қалай батқанын елестетіп көріңіз енді…
Сондықтан бұл жерде бір Жанқоштың ғана емес, әкесінің де кінәсі бар. Әрі Әнарудың танымал ақын атанып жүрген анасын да жастайынан алдап, 2 баланы туғызып, тастап кеткені тағы бар дегендей…
Қысқасын айтқанда, біреуін заң сотына, біреуін ар сотына салуға қоғам болып үлес қосуымыз керек. Әнаруды қараламас бұрын, қыз өсіріп, қарындас, әпке, сіңіліміздің бетіне қарап отырғанымызды еске түсіріп қояйық…", -дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa
Естеріңізге сала кетейік, боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылған еді. Кейіннен ол қыздың Әнару Қалдыбек екені белгілі болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?