Алматыда балалар ойнайтын алаңда бір адамды бауыздап кетті
Алдын ала болжам бойынша, күдікті мен жәбірленуші бірге ішімдік ішкен.
Әлеуметтік желіде әуежай маңындағы балалар ойнайтын алаңда бір адамды бауыздап кеткені туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің айтуынша, жарақат алған адам оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Алматы қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, қылмысқа қатысы бар күдікті ізін суытпай анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, күдікті мен жәбірленуші бірге ішімдік ішкен. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр”, –делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?