Теміртаудағы Qarmet металлургия зауыты екі жұмысшысының қаза тапқанын жоққа шығарды

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған.

Тамыз 26, 2024 - 09:59
Тамыз 26, 2024 - 10:03
Теміртаудағы Qarmet металлургия зауыты екі жұмысшысының қаза тапқанын жоққа шығарды
Ulysmedia

Теміртаудағы Qarmet металлургия зауытының әкімшілігі өз жұмысшыларының қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, мәлімдеме жасады.

Бүгін бірқатар БАҚ және Telegram арналарда бөлшектеу жұмыстарын іске асыру кезінде Qarmet АҚ жұмысшыларының жазатайым оқиғаға ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған, - делінген хабарламада.

Компания әкімшілігінің айтуынша, қайғылы оқиғаға Qarmet емес «Қазмеханомонтаж» мердігерлік ұйымында болған. 
Qarmet басшылығы қаза тапқан «Қазмеханомонтаж» ЖШС жұмысшыларының отбасыларына көңіл айтты.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Qarmet АҚ жұмысшыларының бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде өлімге апарып соққан жарақат алғаны сондай-ақ, Qarmet металлургия зауытындағы жұмысшылыр өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат пайда болған еді.

Теміртау қаласындағы «Қармет» АҚ аумағындағы «Казмеханомонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымында орын алған жазатайым оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігіне сай, яғни «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow