«Cу алса, ұялмай халықтан көмек сұрайды»: белгілі заңгер жемқор шенеуніктердің әрекетін сынап дабыл қақты
Бөлінген қаржыға өздерің VIP коттедж салып, халыққа жәй ғана лашық салып беріп жүрмеңдер!
Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында еліміздегі тыйылмай отырған жемқорлыққа налып тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, кәріз салдық, жол салдық, көпір салдық, дамбы салдық деп қаншама триллиондар жемқор шенеуніктердің құлқынына кетіп жатыр. Ең өкініштісі, бұлардың барлығы да еш сұраусыз қалып отыр.
«Бізде әкімдердің істеп кеткен былығы не үшін ашылмайды, себебі сол елді мекенді бірігіп басқарған прокурор, антикорымен бөлісіп жеген соң ашылмайды.
«Кәріз салдық, жол салдық, көпір салдық, дамбы салдық» деп қаншама триллиондар жемқор шенеуніктердің құлқынына кетті.
Біраз дүниелерді ашынып тұрып жазуға болады. Іріңдеп жарылайын деп тұрған жараға тұз сепкім келмейді.
Халық бәрін көріп біліп отыр, бізде тек көрмей көздерін жұмып отырғандар құзырлылар!
Әй анау миллиондап жеп жатыр тексерсей деп арыз жазып берсең де, «төбеде көкесі звондады, сол үшін тоқтап тұр, ренжімеңіз» деп быттыйып отыра береді.
Ал су алса сосын ұялмай халықтан көмек сұрайды, - дeп жaзғaн өзiнiң Facebook пaрaқшaсындa.
Сондай-ақ ол бұл қаржының да сұраусыз жұмсалып жатқанына наразалығын білдірген.
"Бір нәрсені тойлау үшін алдын- ала миллиардтар бөліп, шет елден әнші шақырып, ақша жеу үшін тігісін жатқызып қояды. Ал елді су алатын білмей қалыпты-мыш бұлар!
Енді халыққа салынатын үйлерді, Хрущев дәуіріндегі төрт бұрыш үйлер сияқты емес, Астанада шенеуніктер тұратын BI-group салып жатқан VIP коттедждермен бірдей деңгейде салыңдар!
Америка, Германияның үйлері сияқты бір келкі әдемі болып тұрсын.
Бөлінген қаржыға өздерің VIP коттедж салып, халыққа жәй ғана лашық салып беріп жүрмеңдер!
Табиғи апатпен, халықтың арқасында байып қаламыз деп алақандарын ысқылап отырған жемқорлар, құдайдан қорқыңдар!
Зардап көрген халық барлық жақсылыққа лайықты!
Бөлінген миллиардттарды итке сүйек тастағандай жан жақтан жұлмалап жемей, халық игілігіне аямай жұмсаңдар!», - деп жазған ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?