«Бізді осындай дәрежеде қорлайтындай не жаздық?» – марқұм Шерзаттың әжесі

Қазан 15, 2024 - 10:26
«Бізді осындай дәрежеде қорлайтындай не жаздық?» – марқұм Шерзаттың әжесі

Талғардағы трагедияға қатысты әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасының жазбасы тараған. Видеоның бас-аяғы түсініксіз.Марқұм Шерзат Болаттың әжесі видеоны әдейі таратқандарын айтады. Немересінен айрылған әже отбасы ешкімінің ала жібін аттамағанын айтып, шерін ақтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

“БІЗ НЕ ЖАЗДЫҚ АДАМДАРҒА.”

Шерзаттың әжесі желідегі “видеоны құзырлы орган қызметкерлерінің өзі таратты” деп ащы өкінішін жеткізді. 

“Бізді осы дәрежеде қорлайтындай біз не жаздық адамдарға? Біз олардан пиво сұрап, арақ сұрап магазиндеріне барғанымыз жоқ қой. Олар кінәлі адамдар емес пе? Өздері келіп, өздері тиісіп, өздері бастап тұр. Енді заң орындарына адамдары бар адамдар. Сол заң орындарындағы адамдар... Азаматсыңдар ғой сендерде! Сендердің бастарыңа түспей ме, осы күн? Алладан қорықпайсыңдар ма?! Жаратушының жоқ екеніне соншалықты дәрежедегі сенімдеріңе мен таң қаламын. Видео жоқ дедіңдер де қайтадан бөліп-бөліп оны өздеріңе ыңғайлап әр жерін кесіп-кесіп мына жері мынадай болды деп...” – дейді әжесі.

“ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚПАЙТЫНДАР”

Оның сөзінше қайғыдан арыла алмай жүрген отбасының осы бір сәтін әлдекімдер пайдаланғысы келеді. 

“Мынау қатты түсініксіз жағдай. Мынау қорлау. Менің балам өліп больницада жүрдім, моргта жүрдім. Баламды қоямын деп жүрдім. Сол аралықты пайдаланып құдайдан қорықпағандар осындай видеолар шығарып, жоқ болып кеткен видеоларды өздеріне ыңғайластырып қосып жатқан азаматтардың бастарына берсін”,- деді әжесі.  

“ОРАЛМАН ДЕП ОСЫ ДӘРЕЖЕГЕ АЛЫП КЕЛГЕН БОЛСАҢДАР...”

Ашынған әже бұл істің ақ-қарасын ажыратуды халықтың өзіне тапсырды. “Аталатсаң да, боталатпа” деген кейуана отбасына “оралман” мұрнын шүйіре қарағандарға жауап берді.

”Оралман деп, сырттан келгендер деп осындай дәрежеге алып келіп отырған болсаңдар... Мен елімнен ұрлық жасап, қарлық жасап қаңғып кеткен адам емеспін. Өзімнің еліме, жұртыма, атамекеніме келіп отырмын. Мен 89-да көшіп келген адаммын. Балаларым осы жерде туды. Осылардың кіндік қаны тамды осы жерге. Осы жерде оқыды саналы сабырлы азаматтар болып өсіп жатыр. Документтері бар Қазақстан азаматы деген.. Соны ой елегінен өткізіп, кішкене де халқым сабырға келіп не болып не қойып жатқанын... Қаралайсыңдар ма, ақтайсыңдар ма өздерің білесіңдер” – деп түйіндеді сөзін әжесі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow