«Түрме қызметкерлері ұрып-соққан»: Шымкентте түрмедегі тұтқын қайтыс болды

Қыркүйек 12, 2024 - 10:46
Қыркүйек 12, 2024 - 11:13
«Түрме қызметкерлері ұрып-соққан»:  Шымкентте түрмедегі тұтқын қайтыс болды

Шымкентте түрмедегі тұтқын қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

37 жастағы жазасын өтеуші азаматтың туыстары оның өздігінен қайтыс болғанына сенбейтінін айтты. Әділдік іздегендер марқұмды мекеме қызметкерлерінің ұрып өлтіргенін айтады.

Ал құқық қорғау органдарының өзі оның ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болғанын айтады.

Күзет мекемесі басшысының дерегінше, бопсалау фактісі бойынша 3,5 жылға сотталған азамат түрмеге түскен сәттен бастап асқазан ауруымен ауырған. 5 рет медициналық көмекке жүгініп, артынша соңғы рет 3 қыркүйекте ауруханаға түсіп, кейін қайтыс болғанын хабарлады.

Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті органдарда тергеледі. Әрине, марқұмның туыстары бізге сенбейді. Бәлкім, олар оны ұрды деп ойлайтын шығар. Тексеру қорытындысы туыстарына хабарланады", - дейді қылмыстық атқару жүйесінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаментінің № 54 мекемесінің басшысы Серікбай Дүйсенов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow