«Басын кесіп, кейін жерлеген». Маңғыстауда әскери қызметкер жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Мамыр 30, 2024 - 16:18
Мамыр 30, 2024 - 16:21
«Басын кесіп, кейін жерлеген». Маңғыстауда әскери қызметкер жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкер ұсталды. Бұл туралы Еgovpress телеграм арнасы кейбір дереккөздерге сілтеме жасап парақшасында жариялаған болатын, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Тергеушілердің мәліметінше, күдіктілер марқұмның басын кесіп, кейін жерлеген. Тағы бір күдікті қашып кеткен. Ал қайтыс болған адам бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі адамды ұрлап кетіп, өлтірген екі күдіктінің ұсталғанын растады.

Тағы оқыңыз: Бірнеше өңірде полицияның басшылық құрамы темір торға қамалды

«Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow