«Беті көгеріп, мұрны қисайған»: Шерзаттың әкесі шын мәнінде не болғанын айтып берді
Желілерде марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың «мұрны қисайған, беті көгерген» деп, алғаш түсірген бейнежазба мен соңғы бейнежазбадағы түрін салыстырған суреттер тарап жатыр.
Желі қолданушылары Шерзаттың әкесінің алғаш түсірген бейнежазбадағы бейнесі мен қазіргі түрін салыстырып жатыр. Көгерген жерлері жайлы Қаржаубай Нұрымов өзі айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Талғарда 4 қазан күні бір топ бұзақылар дүкенге келіп, жанжал туды. Дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, бауыры Нұрқанат және ұлы 16 жасар Шерзат олардан қорғану үшін барын салды. Шерзат сол жерде пышақ сұғып алғаннан қаза болды. Әкесі өзіне қоқан-лоққы жасап жатқанын мәлімдегеннен кейін 12 қазан күні түн жарымда оның үйін өртеп жіберді. Енді құзырлы органдардар марқұмның отбасын тәулік бойы күзетіп жатыр. Алайда желілерде марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың «мұрны қисайған, беті көгерген» деп, алғаш түсірген бейнежазба мен соңғы бейнежазбадағы түрін салыстырған суреттер тарап кетті.
Оқиғаға қатысты айғақ ретінде 3 пышақ, 1 пышақ алынды. Негізінен бұзақылық, кісі өлтіру, қоқан-лоққы жасау, қылмысты құзырлы органдарға хабарламау сынды айыптармен қылмыстық іс қозғалды. Ал соққылар жайлы Қаржаубай Нұрымов өзі жауап берді. Оның сөзінше ешкім қысым түсіріп жатқан жоқ, ал көгерген жерлер оқиға болған күнгі алған соққылардан қалыпты.
«Баламды арашалап жүрген кезде, сол төбелесте мұрныма, бетіме соққылар тиген. Сол кездегі жарақаттар. Артынан барып көгеріп-ісіп шықты. Қазір енді мұз қойдық, дәрі жақтық. Басылды. Бәрі дұрыс», — деді Қаржаубай Нұрымов.
Сіздің реакцияңыз қандай?