Жаңбыршин олигархтарды жеңгенін айтып, сүйінші сұрады

Депутаттың сөзінше, енді нарықта энергиямен жабдықтаушы ұйымдар болмайды.

Мамыр 30, 2024 - 16:08
Мамыр 30, 2024 - 16:08
Жаңбыршин олигархтарды жеңгенін айтып, сүйінші сұрады

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жылу энергетика туралы заңға өзгеріс еніп, халықтың аманаты орындалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында еліміз үшін маңызды заң – Жылу энергетика туралы заң қабылданды... Бүгін сіздерге қуанышты жаңалықты бөліскім келеді. Сайлаушыларымыз электр энергетика саласындағы делдалдарды құртуды талап еткен. Соларды жойып, біздің нарықтан алып тастау мәселесін алдымызға қойған. Міне, соған бүгін қол жеткіздік. Бір жылдай осы олигополиямен, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың артында тұрған қаржы топтармен күресіп, жеңіске жеттік. Жеңісіміз құтты болсын, сіздердің аманаттарыңызды орындадық. Енді нарықта энергиямен жабдықтаушы ұйымдар болмайды», - деді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow