Азамат Сатыбалдының Қазақфильм басшылығынан неге кеткені белгілі болды

Шілде 31, 2024 - 16:47
Шілде 31, 2024 - 16:48
Азамат Сатыбалдының Қазақфильм басшылығынан неге кеткені белгілі болды
Фото: instagram.com/azamatc

Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті қызметінен неге кетіп жатқанын айтты.

«Иә, ол рас ақпарат. Дәл қазір Қытайда жүрмін. Осында бір жобаға шақырту алғанмын. Оған қатысу біраз уақыт алатын болып тұр. Сол себептен Қазақфильмдегі қызметімнен кету жөнінде шешім қабылдадым. Ал бұл жақтағы жобаның нақты қандай жоба екенін әзірге айта алмаймын. Әзірге конфиденциалды ақпарат. Алдағы күндері нақты ресми ақпарат шығады. Сол кезде білесіздер», — деді ол Kazinform тілшісіне.

Сондай-ақ, ол Қазақфильм басшылығынан кетуіне «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігіндегі жалақы дауының қатысы жоқ екенін айтты.

 «Ол даудың бұған ешқандай қатысы жоқ. Өз еркіммен кетіп барамын», — деп нақтылады актер.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Алтын адам» туындысының аниматорлары жеті айдан бері жалақы алмағанын айтып, Қазақфильм ғимаратының алдында наразылыққа шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow