«Ерболат Досаевтың көмекшісі қамауға алынды»: Алматы әкімдігі мәлімдеме жасады

Бұған дейін Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталған еді.

Қыркүйек 6, 2024 - 10:32
Қыркүйек 6, 2024 - 10:33
«Ерболат Досаевтың көмекшісі қамауға алынды»: Алматы әкімдігі мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың көмекшісіне қатысты жалған ақпарат тараған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Желіде Алматы әкімінің көмекшісі ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр, бұл хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген. Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, 4 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталғанын хабарлаған едік. Кейін әкімнің не үшін ұсталғаны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow